Атырау, 2 мамыр 10:41
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Спорт жаңалықтары

2 196 просмотра

Күрес

Image 0Таразда грек-рим күресінен ел чемпионаты өтті.

Мұнда атыраулық палуан Дамир Күзембаев сәтті өнер көрсетті. 130 келіге дейінгі салмақта күрескен ол төрт белдесу өткізіп, барлығында да мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды. Облыс құрамасын облыстың аға жаттықтырушысы Еркебұлан Уайсов, жаттықтырушылар Серік Жұмашев пен Александр Поливадов дайындады.

Қазір Дамир ұлттық құрама сапында Грузияға оқу-жаттығу жиынына кетті. Ақпан айында ол Таиландта өтетін Азия чемпионатына қатысады.

***

Image 1Грек-рим күресінен облыстың 2000-01 ж.т. жасөспірімдер құрамасы Оңтүстік Қазақстан облысының Манкент қаласында өткен ел чемпионатында сәтті өнер көрсетті.

54 келіге дейінгі салмақта Әділет Сисенов 5 жеңісті белдесу өткізіп, ел чемпионы атанды. 76 келіге дейінгі салмақта Бекхан Алданов финалға дейін жетіп, қарағандылық қарсыласына ұпай бойынша есе жіберді. Нәтижесінде күміс жүлде алды.

Спортшылар Атырау қаласындағы 1-БЖСМ-де облыстың аға жаттықтырушысы Еркебұлан Уайсовтың жетекшілігімен жаттығады.

***

Таэквондо

Облыстық таэквондо федерациясының есептік-сайлау жиналысы өтіп, оған ҚР Таэквондо федерациясының вице-президенті, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шілманов қатысты.

Серік Ерубаев өзі жазған өтінішке сәйкес облыстық федерация президенті лауазымынан босатылды. Алайда, оның тәжірибесі мен сіңірген еңбегін бағалап, жаттықтырушылар оның федерацияның құрметті президенті болып қалуына дауыс берді. Ал, жаңа президент болып Арман Тоғаев сайланды.

А. Тоғаев облыстық спорттық және әскери самбо федерациясын басқарады. «Екі жақта жұмыс жасау қиынға соқпайды ма?» деген сұраққа ол былай деп жауап берді: «Ешқандай. Қазір таэквондо федерациясының басты мақсаты – 2016 жылғы Олимпиадаға, ең болмағанда, бір жолдама ұту. Осы бағытта бәріміз бірге жұмыс істейміз».

Сонымен қатар, федерация кеңесі Батырбек Есдәулетовты ҚР Ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалуына байланысты облыстың аға жаттықтырушысы лауазымынан босатты. Оның орнына 10 дүркін ҚР чемпионы, ҚР Спартакиадасының жеңімпазы, 1999 жылғы Азиаданың қола жүлдегері Әнуарбек Аманқұлов тағайындалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.