Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон өзінің үлкен қызы Озода Рахмонды Президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады. Тиісті жарлыққа 27 қаңтарда қол қойылды, деп хабарлады ұлттық «Ховар» агенттігі.
36 жастағы Озода Рахмон бүгінге дейін Тәжікстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болған. Бұдан бұрын хабарланғандай, Президенттің кіші ұлы, 27 жастағы Рустам Эмомали сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігін басқара отырып, бас лауазымды атқарады. Президентте барлығы 9 бала бар, деп жазды ТАСС.
Дереккөз: ҚазАқпарат