Атырау, 2 мамыр 18:43
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Құлсары қалай дамуда?

7 922 просмотра

Image 02001 жылдың 22 қыркүйегінде ҚР президентінің жарлығымен Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласы маңызды қалалар қатарына жатқызылды. Ал, 2012 жылы моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгізілген еді.

Осы бағдарламаны іске асыру үшін 2013-2015 жылдарға арналған кешенді даму жоспары бекітілді. Бағдарламаға сәйкес, қалаға осы жылдар аралығында 158 656 шаршы метр асфальт төселуі қажет болса, соның 82 550 шаршы метріне асфальт төселіп, 72 190 шаршы метрінің төменгі қабаты дайындалды. Қаражаттың бөлінбеуіне байланысты бұл жұмыс өз мәресіне жетпей қалған.

Көпқабатты Бірінші ауыл, Сегізінші ауыл, Бесінші ауыл, Төртінші ауыл, Екінші ауыл, Үшінші ауыл, Кең Жылыой, Мешіт, Автожолшылар ықшамаудандарында асфальт жолдарды жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында үш жыл (2013-2015 ж.ж.) ішінде 44 аялдама тұрғызылған. Ал, 2015 жылы республикалық бюджеттен 39,4 млн теңге бөлініп, Махамбет даңғылына 1 048, 2-ші ықшам ауданына 2 947, Өтен батыр көшесі бойына 320 шаршы метр төсемтас төселген.

Махамбет даңғылы мен Әбдірахманов көшесінің қиылысына су бұрқағы салынған. Шағын аяқдоп алаңдары соңғы үш жылда вокзал, Достық, Жадырасын, Бесінші ауыл, Тоғызыншы ауыл, 1-ші, 2-ші ықшам аудандарға салынып берілді. Балалар ойын алаңдарын сатып алу және орнату жұмыстары жүргізіліп, 22 ойын кешені пайдаланылуға берілген. 2013-2014 жылдары тоғыз мектептің су, кәріз, электр жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2013 жылы электр нысандарының жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына қаражат бөлініп, Бірлік, Шұғыла, Барлаушы, Жадырасын-1, Жадырасын-2 ықшам аудандарына және Қараманов көшесіне электр бағаналары орнатылып, электр желілері тартылып, қуаттылығы КТПН -400, КТПН-630 трансформаторлары қондырылса, 2014 жылы бұл жұмыс Оңтүстік аэропорт, Тоғызыншы ауыл, Үшінші ауыл, Достық ықшам аудандарында жалғасын тапқан.

2013-2015 жылдарға арналған қаланы кешенді дамыту жоспарына сәйкес кәсіпкерлікті қолдау мақсатында несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау үшін 2013 жылы 35,1 млн, 2014 жылы 47,1 млн, 2015 жылы 36,2 млн теңге берілді. Жаңа өндірістерді ашуға осы жылдар ішінде 23 млн теңге бөлінсе, шағын несиелеуге 2013 жылы 126 млн, 2014 жылы 112 млн, 2015 жылы 147 млн теңге берілген.

Аудан бойынша 6 866 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер тіркелген. Оның ішінде 6 121 белсенді субъекті бар, онда 11 823 адам жұмыс жасайды.

«Зәкірлі» инвестициялық жобасына «КаспийСервисЕ» серіктестігінің жоба құны 552 млн теңге болатын, жылына 84 мың тонна әк шығаратын зауыты кіреді. Зауыт осы жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.

2015-2017 жылдарға арналған Құлсары қаласының кешенді даму жоспарына сәйкес, бірінші кезекте атқарылатын жұмыстарға мыналар жатады: мектеп, балабақшаларды күрделі жөндеуден өткізу, балаларға ойын және спорт алаңдарын салу, аялдамалар тұрғызу, көгалдандыру. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар, басқа да қаржы көздері негізінде қаланы жарықтандыру, жаңадан салынатын ықшам аудандарға электр жүйелерін жүргізу, жаяу жүргінші жолы, халыққа қызмет көрсету орталығы және автобекет құрылыстарын салу, қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау орнын тұрғызу міндеті тұр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.