ОКҚ филиалында өткен брифингте облыстық прокуратура басқармасының бастығы Ғ.Тынымовтың айтуынша, өңірдегі жалпы қылмыс 2014 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артқан. Бұл, оның пікірінше, ең алдымен жаңа кодекстердің қабылдануымен байланысты. Соған сәйкес, кішігірім ауырлықтағы бірқатар заң бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінен Қылмыстық кодекске ауыстырылған. Ал ауыр қылмыстар, керісінше, 16,8 пайызға азайған (743-тен 618-ге дейін).
ОКҚ филиалындағы брифингте облыстық прокуратура басқармасының бастығы Б.Есенгелдинов өткен жылы «алғаш рет тәжірибе жүзінде біздің өңірімізді героинмен қамтамасыз еткен ҰҚТ қызметі құрықталды» деп хабарлады. Жарты келі қымбат тұратын есірткі тәркіленіп, 4 адам қамауға алынды. Басқасы тергеу құпиясына байланысты айтылмайды.
Өткен жылы прокуратураның араласуымен жалпы сомасы 164 млн теңге көлемінде еңбекақы бойынша бережақ өтелді. Атап айтқанда, әңгіме «Каспиан Бильд Групп» ЖШС, «Атырау Мұнай» ҚБ, «Строймонолит Сервис» ЖШС, «Каспий Балық» ШҚ, «Атырау бекіре өсіру зауыты» РМК және т.б. туралы болып отыр.
Облыстық прокуратураның ақпараты бойынша, 2015 жылы тиісті қызметтің қызметкерлерінің нашар жұмысы салдарынан 163 мүгедек бала әлеуметтік жәрдемақы алмаған. Прокуратураның араласуымен мүгедек балалардың отбасына 1,5 млн теңгеге жәрдемақы төленді.
Ranking.kz аналитикалық қызметінің мәліметтері бойынша, 2015 жылдың аяғында Атырау облысында жаңа салынған үйлердің шаршы метрінің құны 353,3 мың теңгеге дейін өскен. Ал өңірдегі еңбекақының орташа деңгейі 230,2 мың теңгені құрайды. Ипотекалық несиелеу көлемі бұл жерде 2014 жылмен салыстырғанда 7 пайызға төмендеген.