Атырау, 26 қараша 16:55
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Токиода әлемдегі ең жылдам магниттік төсемді пойыздар үшін алғашқы станса салуды бастады

1 789 просмотра

Image 0Жапон астанасында 2027 жылы Токио мен Нагояны байланыстыратын ұзындығы 280 шақырым магниттік төсемді пойыздар тармағына арналған елдегі алғашқы станса құрылысын бастады.

Құрылыс күрделі жағдайда өтеді - оны салу 40 метр тереңдікте «Сингава» ірі көлік торабы ауданында жүргізілмек. Платформа ұзындығы 450 метрден асады. Әрі, Нагояда станса құрылысы басталған жоқ, бұл мәселе жөнінде әзірге уағдаластық жоқ, алайда JR Tokai компаниясы келісім үдерісін жеделдетуге уәде беруде, деп жазды ТАСС.

Өткен жылдың соңында Жапониядағы алғашқы Токио-Нагоя магниттік төсемді темір жолын байланысатын Яманасидің префектурасы аумағында - Жапон Альпісі аталатын 25 шақырымдық күрделі учаскеде тоннель салу басталды. Күрделілігі мен конструкциялық ерекшеліктеріне орай құрылыс 2025 жылға дейін жалғасады. Оның учаскесінің бірі 1,4 шақырым тереңдікте өтеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 қаңтар 2016, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.