Атырау, 27 сәуір 11:45
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​«Қайсысы жалған екенін айыру қиын»

2 148 просмотра

Image 0Өткен жылы жалған ақша жасаумен байланысты 23 оқиға тергелді. Үш жағдайда оларды дайындайтын тұтас бір цехты ұйымдастырумен байланысты қозғалған еді.

Бұл туралы өңірлік Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мәди ТӘКИЕВ хабарлады. Оның айтуынша, осы салада 23 тергеу жүргізіліп, жалған банкнотты өткізу мақсатымен дайындау фактісі бойынша үш қылмыстық іс қозғалды. Екі жағдайда жасырын «монета сарайларының» ұйымдастырушылары екі мыңдық, біреуінде бес мыңдық теңгелерді қолдан жасауға маманданған. Сотталушылар «Жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды жасау және өткізу» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Қалған жағдайларда банктердегі инкассация кезінде байқалатын жалған банкноттар тіркелді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 қаңтар 2016, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.