Атырау, 27 сәуір 11:30
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Экспорт кірістері екі есеге дерлік азайды

1 525 просмотра

Image 0Мұнай бағасының құлдырауы өткен жылы Атырау облысындағы сыртқы тауар айналымының көлеміне қатты әсер етті. Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасының басшысы Шынар ЖАКУПОВА өңірлік Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

2015 жылы біздің өңірімізден республикалық бюджетке 406 млрд 229 млн 163 мың теңге кедендік төлемдер мен салықтар түскен. Мұнда сыртқы сауда тауар айналымы 14 млрд 884 млн 688 мың долларды - тек 2014 жылға қарай 55 пайызды құрады.

Жалпы көлемде экспорттың үлесті салмағы 89,3%, импорт – 10,7% құрайды.

Экспорттың басым бөлігін (89,3%), бұрынғыша, шикі мұнай, әрі қарай мұнай өнімдері (8,7%) мен күкірт (2%) құрайды.

Импорт бізге Еуропалық Одақ елдерінен, Қытайдан, АҚШ-тан, аз бөлігі Жапония мен Түркиядан: жабдықтар, химия өнеркәсіп өнімдері, пластмасса мен резіңкеден жасалған бұйымдар, құрал-саймандар, аппараттар, аспаптар мен өнеркәсіптік тауарлар, сондай-ақ көлік құралдары әкелінеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 қаңтар 2016, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.