Атырау, 26 қараша 16:21
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Грузия Лавровтың ИМ базасы туралы мәлімдемесін терістеді

2 060 просмотра

Image 0Грузия билігі Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Грузияның Панкисск шатқалында "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларын даярлайтын база бар деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Грузия сыртқы істер министрінің арнайы өкілі Зураб Абашидзе 26 қаңтарда журналистерге Лавровтың мәлімдемесін "біржақты" деп атады. Лавров 26 қаңтарда бұдан бұрынырақ Кремльде ИМ содырлары Панкисс шатқалын "дайындықтан өту, демалыс және қорын толықтыру үшін пайдаланатыны" туралы мәлімет барын мәлімдеген.

Зураб Абашидзенің сөзінше, Панкисс шатқалынан 30 шақты адам СИрияға кетіп, экстремистік топтарға қосылған. Абашидзе Грузияға қайтып оралған жағдайда оларға айып тағылатынын айтады.

Кеше Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили Тбилиси этникалық шешендер көп тұратын Панкисс шатқалын толық бақылауда ұстап тұрғанын мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

27 қаңтар 2016, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.