Атырау, 26 қараша 16:55
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Украинада тұмау эпидемияға айналды

1 278 просмотра

Image 0Украинаның шығысындағы Харьков қаласында тұмау кесірінен барлық мектеп жабылды. Қала мэриясы оқу орындары жұмысының белгісіз мерзімге дейін тоқтатылғанын хабарлады.

Украина денсаулық сақтау министрі Александр Квиташвилидің айтуынша, тұмаудан қайтыс болған адам саны 83-ке жетіп, жағдай ресми түрде «эпидемияға айналды» деп танылған.

Қайтыс болған тұрғындар, кейбір жергілікті ақпарат құралдары хабарлағандай, доңыз тұмауы деп аталатын H1N1 вирусынан көз жұмды ма деген сұраққа министр нақты жауап бермеді.

1 қаңтардан бері 2,6 миллион адам тұмау мен басқа да респираторлық ауру белгілеріне шағым айтып ауруханаға барған. Министрдің сөзінше, қалыптасқан жағдайға байланысты министрлікте арнайы комиссия құрылған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

27 қаңтар 2016, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.