Атырау, 26 қараша 16:21
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Reuters: АҚШ-та бір адам Зика вирусын жұқтырды

1 525 просмотра

Image 0Шет елде саяхаттап жүрген Вирджиния штатының тұрғынынан Зика вирусы табылды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Вирджинияның денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комиссары америкалықтың вирусты өзі саяхаттап жүрген елде жұқтырғанын айтты. Дегенмен штаттың өзге тұрғындарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, себебі Вирджинияда қазір аталған ауруды тарататын масалар жоқ, деп нақтылады агенттік.

Зика вирусын жұқтырған адамның температурасы көтеріліп, басы, буындары ауырады, кей кезде жүрегі айнып, лоқсиды. Вирусты таратушы – Aedes aegypti масасы. Қатерлі дерт Азия, Африка, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Тынық мұхиты өңірінде тіркелген.

Дереккөз: bnews.kz


27 қаңтар 2016, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.