Атырау, 26 қараша 16:53
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ОПЕК мұнай өндірушілердің барлығын баға коллапсына қарсы тұруға шақырды

2 333 просмотра

Алматы. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Мұнай экспорттаушы-елдер ұйымының (ОПЕК) бас хатшысы Абдалла аль-Бадри барлық ірі мұнай өндірушілерді бірлесе отырып, соңғы ондаған жылда орын алып отырған «баға коллапсына» қарсы күресуге шақырды, деп хабарлады РБК The Financial Times газетіне сілтемелеп.

«Ең басты мұнай өндірушілер бірлесе отырып, проблеманың шешімін табуға тырысқаны өте маңызды. Нарық қордың таусылып келе жатқанын және оның деңгейі бағаны көтеруге және инвестицияларды қайтаруға мүмкіндік беретінін көруі керек. Бұл тек өндірушілерге ғана маңызды емес, сонымен қатар тұтынушыларға да керек. Әлемге көп мұнай керек, демек көптеген инвестициялар керек», - деп түсіндірді А.аль-Бадри.

ОПЕК бас хатшысы мұнай нарығындағы ұсыныстың сұраныстан асып кеткен дисбалансы көбінесе ОПЕК-ке кірмейтін елдердің әрекетінің салдарынан орын алып отыр деп қадап айтты, сондықтан дәл солар «баға коллапсымен» күресте өз үлестерін қосулары керек. аль-Бадридің айтуынша, 2013 жылдан бері ОПЕК-ке кірмейтін елдердің мұнай өндірісі тәулігіне 5 млн баррельге артса, картель өндірген мұнай 2013-2014 жылдары азайыпты.

«Бұл проблеманы ОПЕК пен ОПЕК еместер бірлесе шешулері тиісті», - деп қадап айтты А. аль-Бадри.

Ұйым ережесі бойынша шұғыл кеңес, егер оған ОПЕК-тегі 13 мүшенің басым көпшілігі қолдап дауыс берсе шақырылады. Бірақ іс жүзінде ондай отырыс Сауд Арабиясының келісімінсіз өтуі мүмкін емес.

Бұрындары Reuters хабарлағандай, Сауд Арабиясы шұғыл түрде кеңес шақырудың қажеттілігін көріп отырған жоқ, ал ұйымдағы кезекті кездесу 2016 жылғы 2 маусымға тағайындалған.

Дереккөз: ҚазТАГ

26 қаңтар 2016, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.