Атырау, 29 қараша 11:52
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Құлсарыда шыршалар «өсіп тұр»

2 626 просмотра

Жақында әлеуметтік желілерге Құлсары қаласының көшесінде шыршаларды қондырып жатқан жұмысшылар түсіп қалған бейнежазба тараған болатын. Ал, Жаңа жыл болса, баяғыда өтіп кеткен.


Кейбір комменттерде аудан билігін сынап, таяу күндері Құлсары қаласына жаңадан салынған баспаналардың ашылуына облыс әкімі келеді, бұл соған байланысты жасалып жатқан көзбояушылық деп жазып жатқандар да болды. «АЖ» бұл жергілікті бизнесмендердің бірінің идеясы екенін анықтады.

- Жаңа жыл қарсаңында Оралдан жолдас жігітім сатуға шыршалар беріп жіберген. Оның біразы кеш келгендіктен өтпей қалды, - дейді Құлсары қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бекім ЖАЙСАҢБАЕВ. - Шыршаларды қоқысқа лақтырғанша қалаға бір, екі ай болса да көрік беріп тұрсын деп, оларды көшеге қондыру үшін қала əкімдігінен рұқсат сұрадым. Олар қарсы болған жоқ. Сосын өз күшіммен 50-ге жуық шыршаны орталыққа қондырдым. Берік болуы үшін тұрба пайдаландым. Бұған қала, аудан бюджетінен ешқандай қаржы шығарылған жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қаңтар 2016, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.