Атырау, 26 қараша 16:46
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ ақтүтек бораннан шығынға белшесінен батуы мүмкін

1 742 просмотра

Image 0

Өткен жұмадан бері АҚШ халқын әбігерге салып отырған «Джонас» бораны елге 2,5-тен 3 млрд долларға дейін экономикалық шығын келтіруі мүмкін. Moody's рейтинг агенттігінің сарапшылары осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды lenta.ru.

Сатып алушылар мен клиенттердің жоқтығынан елдің бірқатар дүкені, мейрамханалары мен ойын-сауық орталықтары қып-қызыл шығынға батуы мүмкін. Бұған қоса, алатын табысы қанша сағат жұмыс істегеніне қарай төленетін қызметкерлердің жағдайы мәз емес. Себебі ақтүтек боран оларды үйінен «шығармай отыр».

Әйтсе де Moody's сарапшылары биылғы боранның бұған дейінгілермен салыстырғанда елге әкелетін шығыны айтарлықтай көп емес екенін атап өтті. Мысалға, 2012 жылдың қазанында АҚШ-тың шығыс жағалауын жайпаған «Сэнди» дауылы бизнеске 26 млрд доллар шамасында шығын келтірген.

22 қаңтарда басталған боран әлі де басылар емес. Қазір Джорджия, Пенсильвания, Теннесси, Мэриленд, Виргиния мен Солтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай жарияланды. Associated Press ақпаратынша, табиғаттың тосын мінезінен қайтыс болғандар саны 41 адамға жеткен.

Дереккөз: bnews.kz

26 қаңтар 2016, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.