Атырау, 27 желтоқсан 08:46
 бұлттыВ Атырау -3
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Жапонияда 200 мыңға жуық отбасы сусыз қалды

1 651 рет қаралды

Image 0

Жапонияда күннің күрт суытуынан су құбырлары істен шығып, 189 мыңға тарта отбасы сусыз қалды, деп хабарлайды РИА-Новости.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының нысандарындағы апат Кюсю, Сикоку мен Хонсю аралдарында орын алды. Қазір өзін-өзі қорғау күштері халыққа қолғабыс етуде.

Киодо агенттігінің хабарлауынша, Миядзаки префектурасындағы Эбино қаласында су құбыры қатты аязға шыдас бермей, жарылып кеткен. Қала билігі дереу өзін-өзі қорғау күштерінен көмек сұрады.

Екі күн ішінде Жапонияда суықтан сегіз адам мерт болып, 610-ы жарақат алған. Ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысын қиындатып отыр, кейбір ішкі әуе рейстері тоқтатылған.

Дереккөз: bnews.kz


26 қаңтар 2016, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.