Атырау, 27 сәуір 13:07
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бас инспектор жеке нөмірін берді

2 569 просмотра

Еңбек құқығын бұзған өз жетекшісіне енді Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат ИШАЙДЫҢ (суретте) жеке нөміріндегі ватсаптың көмегімен шағым беруге болады. Бұл туралы ол Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Өз шағымдарыңызды +7 775 596 09 76 нөмірі бойынша жолдауға болады. Бұдан басқа, бізде тікелей қалалық 51-99-01 нөмірі бар. Бірақ осыдан кейін біздің инспекцияға аяқтай келу керек болады. Өйткені, тексеруді бастамас бұрын біздің инспекторлар оны Бас прокуратураның құқықтық статистика орталығына тіркеуге міндетті. Ал ватсап немесе қалалық телефон бойынша хабарлау біздің қызметкерлердің кәсіпорынға баруына негіз бола алмайды, - деді Ишай.

Ендеше телефонмен шағымданудың мәнісі неде деп сұрады журналистер.

Оның пікірінше, дер кезінде жолданған хабарлама өндірістегі рұқсат етілмеген митингілер мен ереуілдердің алдын алуға мүмкіндік береді. Басқарма, осылайша, кәсіпорында белгілі бір проблемалардың бар екендігі туралы хабарлама алады, өзіне басшысын шақырып, алдын-ала ақпарат ала алады. Әрі қарай – «жағдайға қарай» өрбиді.

– Ішкі істер органдарының кезекші бөліміне түсетін кез келген қоңырау автоматты түрде тіркеледі. Егер қызметкерлер дер кезінде әрекет етпесе жауапкершілікте болады. Аталмыш нөмірге түскен хабарламалардың барлығын жедел түрде басқарма қызметкерлері қарайтындығына кепілдік бар ма?

– Бұл менің жеке нөмірім. Сондықтан, бұл жерде комментарий беру қажет емес деп ойлаймын, - деп жауап берді Ишай.

Өткен жылы еңбек инспекторлары тексеру барысында 778 заң бұзушылық анықтады. Жалпы сомасы 24 млн теңгеге 225 айыппұл салынды. Адамдар көбінесе еңбекақының кешіктірілетіндігіне шағымданады.

Жыл басынан бері басқарма 250 және одан да көп қызметкерлер еңбек ететін ірі кәсіпорындарға іріктеп тексеру жүргізе бастады. Тәуекелді бағалау жүйесіне сәйкес, инспекторлар әлденеше рет шағымдар түскен жұмыс берушілерді ғана тексереді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 қаңтар 2016, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.