Атырау, 27 сәуір 17:18
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Бұл балалар неге өмір сүргісі келмейді?

2 195 просмотра

Прокуратураның деректері бойынша, Атырау мектептерінің 60 жоғары сынып оқушысы өзін-өзіне қол жұмсауға әзір екен. Бұл туралы өңірлік Коммуникациялар қызметінде Атырау облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Ғани ТЫНЫМОВ хабарлады.

Оның айтуынша, прокуратура жергілікті психологтармен бірлесіп, жасөспірімдердің мінез-құлықтарындағы суицидтік үрдісті анықтау әдістемесін әзірледі және мұны АМУ профессорлары мақұлдады. Алғашқы сауалнама өткен жылдың соңында алынып, қала мен аудандардағы 70 мектептің жоғары сынып оқушылары тексерілген. Биыл бұл жұмыс облыстың барлық мектептері мен колледждерінде жалғасын табады.

- Сауалнама жүргізу барысында өзі-өзіне қол жұмсауға бейім 60 жоғары сынып оқушысы анықталды. Балалар мен олардың ата-аналарымен психологтар жұмыс жасады, - дейді Тынымов.

2015 жылы Атырау облысында тоғыз жасөспірім өзі-өздерінің өмірін қиса, тағы 18-і осындай әрекет жасаған. Жасалған талдауға сәйкес, жасөспірімдер суицидінің себептеріне отбасындағы жағымсыз жағдайлар мен махаббат машақаттары жатады екен. Алайда мамандар үш жағдайда жасөспірімдердің өздерін осындай жағдайға баруға не итермелегенін түсіне алмаған: сырт қарағанда оларда бәрі жақсы болған, толық, тату отбасы, мектепте де жақсы бағалар алған...

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 қаңтар 2016, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.