Атырау, 29 қараша 11:54
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Прокуратура әйелдер кеңесіне назар аударды

2 311 просмотра

2015 жылы Атырау облысында кәмелет жасқа толмағандарға қарсы 47 жыныстық қылмыс тіркелген. Бұл туралы өңірлік Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық прокуратураның қылмыстық процестердің сотқа дейінгі кезеңіндегі заңдылықтарды қадағалау басқармасының басшысы Балнұр ЕСЕНГЕЛДИНОВ.

- 47 жағдайдың 29-ы 16-ға толмаған тұлғалардың амбулаторияларға, әйелдер кеңесі мен перинаталдық орталықтарға тексерілуі кезінде анықталғанын айтып өткен жөн. Бұл тексеру Бас прокуратураның тапсырмасымен 2012-2015 жылдар аралығында өткізілді. Яғни, 29 жағдай бір жылда емес, үш жылда болған, - деді Есенгелдинов. Осыдан кейін бізде әйелдер кеңестерімен сәйкесінше салыстыра тексеру тұрақты жолға қойылды. ҚР ҚК-нің талаптары бойынша, 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу ерікті түрде болса да, қылмыс болып табылатынын түсіну керек. Прокуратура органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, мектеп және ЖОО оқушыларымен кездесу өткізіп, интернет сайттар мен әлеуметтік желі бақылауға алынған. Нәтижесінде балалар порнографиясын насихаттайтын 60 ашық топ бұғатталды. Бұлардың әр қайсысында еліміздің әр түкпірінде тұратын 100-ге жуық жасөспірімдер тіркелген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 қаңтар 2016, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.