Атырау, 17 желтоқсан 15:18
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Жарылыс дәнекерлеушінің басын жұлып кетті

2 748 рет қаралды

23 қаңтарда сағат 11.15-те қала маңындағы Геолог-2 поселкесінде бензовоз цистернасы жарылып, өртеніп кетті. Бір адам қаза болды.

Атырау облыстық ТЖД мәліметтері бойынша, КамАЗ маркалы жалға алынған 30 тонналық бензовоздың жүргізушісі болып жұмыс істеген марқұм, 53 жастағы Өзбекстан азаматы дәнекерлеу жұмысын өзі жасаған. Алдын-ала жорамал бойынша, газ-ауа қоспасы жарылып, өртенген.

Дәнекерлеушіні толқын екпінімен едәуір қашықтыққа лақтырып жіберген. Расталмаған ресми мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан марқұмның басы денесінен бөлініп қалған.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өрт жарты сағат ішінде ауыздықталды. Өртену алаңы 10 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы, 2 бірлік техника жұмылдырылды. Басқа зардап шегушілер жоқ. Оқиға себебі тергелуде.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Фотосуретті ТЖД баспасөз қызметі ұсынды

25 қаңтар 2016, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.