Атырау, 19 мамыр 22:13
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Словения мигранттарға шектеу қойды

1 844 просмотра

Image 0Словения өз шекарасында мигранттарға арналған шектеулер енгізді. Бұл жөнінде бейсенбі күні ішкі істер министрі Весна Дьёркёш Жнидар мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

«Енді Словения шекарасына Германия мен Австрия асатын мигранттар ғана кіргізіледі»,- деді министр.

Жнидардың айтуынша, осы іспеттес шаралар Сербия, Македония, Хорватия және Австрияда жүзеге асқан. Словения билігі көші-қон дағдарысынан осындай шешімге келуге мәжбүр болдық деп мәлімдеді.

Министр халықаралық қорғау шараларына шек қойылмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін мұндай шешімді Сербия да жариялаған болатын. 20 қаңтар күні австраиялық канцлер Вернер Файман босқындарды тежеу шараларын қолға алатынын хабарлады, деп жазады жергілікті БАҚ.

Дереккөз: bnews.kz


22 қаңтар 2016, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.