Алматы. 22 қаңтар. ҚазТАГ – «Аль-Каида» террорлық желісі, ол әлсіреді деген болжамға қарамай, Ауғанстанда ықпалын едәуір қалпына келтірді. ТАСС хабарлағандай, бұл туралы Ауғанстан президенті Ашраф Гани CNN телекомпаниясына берген сұхбатында мәлім етіпті. Ол сұхбат бейсенбі күні жарияланды.
Оның айтуынша, лаңкесшілер Ауғанстанға көптеген басқа мемлекеттерден, оның ішінде Ресейден, Қытайдан, Өзбекстаннан, Тәжікстан мен Таяу Шығыстағы араб мемлекеттерінен келіп жатыр.
«Ол адамдар Ауғанстан халқымен дауласпаған, олар біздің ел аумағын пайдалануда. Бұдан келіп келесідей қорытынды шығаруға болады: аймақтық және халықаралық терроризм гүлденуде, ал біз ортақ мүдде үшін күресіп жатырмыз», - деді ол.
Одан басқа, оның айтуынша, «Аль-Каида» қайта жанданды».
«2015 жыл басында оның қуаты көп әлсіреген деген оптимистік болжам айтылған, ал қазір ол ондай емес екен», - дейді ауған президенті.
Ол басқа мемлекеттерді Ауғанстан әскерлеріне әуеден қосымша қолдау көрсетуге шақырды.
ТАСС еске салғандай, былтыр желтоқсанда Пентагон баяндамасын жариялады. Онда қауіпсіздік саласындағы Ауғанстандағы жағдай өткен алты айда нашарлағаны, ауған армиясының шығындары 2015 жылы үштен бірге арқаны айтылады. «2015 жылдың екінші жарты жылдығында Ауғанстандағы қауіпсіздік саласындағы жағдай нашарлады», ал ауған қарулы күштерінің әрекеттері «аралас әрі біркелкі болмады», - делінген құжатта.
АҚШ қорғаныс министрлігінің мәліметтерінше, 2015 жылдың 1 қаңтар 15 қараша аралығында ауған қарулы күштерінің шығындары өткен жылғы осындай аралықпен салыстырғанда 27%-ға артыпты.
Дереккөз: ҚазТАГ