Атырау, 26 қараша 16:48
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қос азаматтығы барлар АҚШ-қа енді визамен кіреді

1 846 просмотра

Image 0АҚШ Еуропа Одағы елдерінің азаматтарының елге кіруіне арналған жаңа ереженің күшіне енгенін хабарлады. Ол бойынша, Иран, Ирак, Сирия және Судан елдерінің де паспорттары бар және 2011 жылдың наурызынан бері осы елдерге барған ЕО азаматтары АҚШ-қа кіру үшін виза алуы керек болады.

Жаңа ереженің кейбір тармақтары аталған төрт елге журналист, мемлекеттік қызметкер, гуманитарлық қызметкер ретінде және заңды іскерлік мақсатпен барған адамдарды визадан босатады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Марк Тонердің хабарлауынша, виза беру шешімі әр адамның жағдайына байланысты жеке қабылданады.

Құқыққорғау ұйымдары АҚШ конгресі қыркүйекте мақұлдап, президент Барак Обама қол қойған елге визасыз кіру тәртібін ішінара тоқтату туралы ережені "адамдарды кемсітеді" деп сынады. АҚШ-тағы "Азаматтық еркіндік" одағы желтоқсан "Адамдарды тек ұлтына, шыққан жері мен тегіне, дініне, жынысы мен басқа да ерекшеліктеріне қарап алалау дұрыс емес және ол америкалық құндылықтарға жат" деп мәлімдеген.

АҚШ-қа кіруді шектеу ережелері Париж (Франция) бен Калифорния (АҚШ) штатының Сан-Бернардино қаласындағы терактілерден кейін енгізілген. Билік "мақсат - америкалықтарды террорлық қауіптен сақтау" екенін айтады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

22 қаңтар 2016, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.