Ұлты камерундық француз қорғаушысы Абдель Азиз ЛАМАНЖ «Атырау» футбол командасының маусымаралық үзілістегі алғашқы жаңа ойыншысы болды. Ламанж бұдан бұрын Ярославскінің «Шинник» командасында ойнаған,- деп хабарлайды «Атырау» ФК баспасөз қызметі.
Абдель Ламанж –Страсбург футбол мектебінің түлегі. Оның алғашқы кәсіби клубы Францияның 2-лигасында ойнайтын . «Гренобль» командасы болды. Сол жерде екі жыл ойнаған Ламанж Ресейге кетіп, «Шинникпен» келісімшартқа отырған. Ярославск клубында ол 2011-2013 жылдары ойнап, содан кейін Волгоградтың «Роторына» ауысып, бір жылдан кейін «Шинникке» қайта оралған. Ламанж Ресейдің Ұлттық футбол лигасында 130 матч өткізіп, бір гол соққан. Ол «Атыраумен» бір жылдық келісімшартқа отырды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Cуретті «Атырау» ФК баспасөз қызметі ұсынды