Молдова Республикасында түнгі жабық отырыс кезінде жаңа үкімет ант қабылдады.
Бұл туралы жергілікті ақпарат көздері хабарлайды. Елдің премьер-министрі болып Павел Филип тағайындалған. Бұл шешімге қарсы жұрт отырыс аяқталғаннан кейін парламент ғимараты алдында наразылық шарасын ұйымдастырыпты. Олар жаңа үкімет басшысы кәсіпкерлер элитасының мүддесін қорғайды деп айыптап отыр. Ереуіл соңы полициямен қақтығысқа ұласқан. Салдарынан 15 адам жарақат алды. Айта кеткен жөн, Молдовада өткен жылдың 29 қазанында Валерий Стрелец бастаған министрлер кабинеті отставкаға жіберілген болатын. Осы уақыттан бері елде ереуілдер толастамай келеді.
Дереккөз: http://24.kz