Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы спорттық-әуестікпен балық аулауға қатысты былай деп түсіндіреді. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР заңының 9-бабының 1-тармақшасының 32-тармақшасына сәйкес, өкілетті орган рекреациалық балық аулау аймақтарын, яғни, әуесқойлықпен (спорттық) балық аулауға рұқсат етілген учаскелерді белгілейді.
Золотой және Яицкий тармақтарынан бастап (ММС маңы) теңізге шығатын жерге дейінгі Жайық учаскесі мемлекеттік қорық аймағы болып табылады. Сондықтан бұл жерде әуесқойлықпен (спорттық) балық аулауға тыйым салынған.
Атырау қаласының әкімшілік шекараларында «Бугорки» тартымынан бастап, Жұмыскер послекесінің оңтүстік шетіне дейін оң жақ жағалау бойымен және сол жақ жағалаумен Ширина поселкесіндегі айлаққа дейін - «Нижняя Татарская», «Бугорки», «Верхняя Лицевая» және «Нижняя Лицевая» тартымдарының аумақтарын, балық қыстайтын тоғандар мен жағажай учаскелерін (жазғы кезеңде) қоспағанда, Жайық өзенінде әуесқойлықпен (спорттық) балық аулауға рұқсат етіледі.
И. Аралбеков, облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Теңіз инспекциясы бөлімі