Атырау қаласының прокуратурасы 2015 жылы мыңнан астам еңбек заңнамасының бұзылғанын, соның ішінде еңбекақының төленбегендігін анықтады. Прокурорлық әрекет ету шараларының нәтижесінде 910 қызметкер үшін 97 млн теңге өндіріліп алынды. Атап айтқанда, әңгіме «Евразия Строй Капитал 2007» ЖШС (бережақ 54 млн), «КТК Service Trunks» ЖШС (10,5 млн), «Модерн электро» ЖШС (8,2 млн), «Атырау бекіре өсіру зауыты» РМКК (8 млн) туралы болып отыр.
***
Қалалық мәслихаттың 40-сессиясының депутаттары бұрын Атырау қалалық ҚІІБ бастығының орынбасары болып жұмыс істеген 30 жастағы Ерлан Валерийұлы Биғамбаевтың қалалық жергілікті полиция бастығы болып тағайындалуына келісімдерін берді.
***
Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылғы 15 қаңтардағы ахуал бойынша Атырау облысында 1 123 өтінім бойынша мүліктердің заңдастырылғанын хабарлайды. Заңдастырылған мүліктің жалпы құны 8 млрд теңгені құрайды.