Атырау, 22 желтоқсан 10:04
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Жаттықтырушы Данияр Юсупов: «Балалар кикбоксингке көп келеді»

3 697 просмотра

Image 12015 жылы атыраулық кикбоксшылар көп жүлде алды. Бұл туралы облыстың аға жаттықтырушысы Данияр ЮСУПОВ (суретте) әңгімелеп берді.

«АБЗАЛ КЕЗЕКТІ АЛТЫНДЫ НЕГЕ АЛМАДЫ ДЕЙСІЗ БЕ? БҰЛ - СПОРТ»

- Бізде – Авангард 2-ықшамаудандағы 2-БЖСМ спорт залында, Жұмыскер ауылындағы И. Тайманов атындағы мектепте, Привокзальныйдағы №24 мектепте, «Мұнайшы» СК-де, Досмұхамедов атындағы АМУ спорт залында, «Геолог» ДСК-нде – кикбоксингпен айналысуға ниет білдірген балалар өте көп. Өйткені, өткен жылы біздің шәкірттеріміз тек жүлде алып қана қойған жоқ, олар саламатты өмір салты мен спортты насихаттады.

Өткен жылдың ақпан айында Қостанайда 1999-2000 ж.т. кадеттер арасында ҚР чемпионаты өтіп, онда 48 келіге дейінгі салмақта Альфия Ищанова алтын медаль ұтты. Сол уақытта Қызылордада өткен 2001-02 және 2003-04 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында ел чемпионатында ағайынды Серікжан (51 келіге дейін) және Сәлімжан (57 келіге дейін) Сәлімгереевтер чемпион атанды. 2 сәуірде «Атырау» ДСК-нде Атырау облысындағы кикбоксингтің 20 жылдығына арналған спорттық шоу – Ресей – Қазақстан құрамалары арасында бес салмақ дәрежесінде матчтық кездесу өтті. Біздікілер 4:1 есебімен ұтты. Сол жарыста жерлесіміз Абзал Дүсіпов Еуропа чемпионы Саид Магомедовты жеңді.

Сәуірдің аяғында Таразда 1997-98 ж.т. жастар арасында 65 келіге дейінгі салмақта Көркем Кереев ел чемпионы атанды. 15 мамырда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Бүкіләлемдік кәсіпқой кикбоксинг қауымдастығының (WAKO-PRO) қолдауымен алғаш рет кәсіпқойлар арасында Азия чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті. Онда 2013 жылғы әлем чемпионы, 2012 жылғы Азия чемпионы, Әлем кубогының 4 дүркін иегері Абзал 2011 жылғы әлем чемпионы Адай Әлимен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Image 2Абзал ДҮСІПОВ (сол жақта) рингте Маусым айында Семейде өткен ерлер арасындағы ҚР чемпионатында 91 келіге дейінгі салмақта Ерсін Әлмұханов «алтын» ұтса, Сағындық Ғизатов (86 келіге дейін) «күміс», Мейірлан Әсет (71 келіге дейін) қола иеленді. Шілде айында Семейде өткен ҚР құрамасының оқу-жаттығу жиынында Мейірлан өз әріптестерінен бабы асып, бас жаттықтырушы Қайрат Смағұлов оған тамыз айында Үндістанның Пуна қаласында өткен Азия чемпионатында ел намысын қорғауды сеніп тапсырды. Пунаға ҚР құрамасының бірінші нөмірі ретінде Абзал да барды. Нәтижесінде екі спортшымыз да додадан күміс жүлдемен оралды, ал, ҚР құрамасы ұтқан медальдары жиынтығымен командалық бірінші орын алды.

Қыркүйек айында Мейірлан Петропавлда еліміздің мықты кикбоксшылары арасында өткен турнирде «алтын» алып, шеберлігін тағы бір дәлелдеді. Облыс құрамасының Дүсіповтен кейінгі екінші нөмірі болып табылатын Азамат Өтемісов (60 келіге дейін) пен жоғарыда аталған ағайынды Сәлімгереевтердің ағасы Жанәлі осы турнирде күміс медальге ие болды.

Қарашада облыс құрамасы Астанада өткен ҚР кубогында керемет өнер көрсетті. 11 спортшының алтауы финалға шықты. Өз салмақ дәрежелерінде Абзал, Жанәлі және Жандос Назарбеков (57 келіге дейін) жеңімпаз атанды. Жанәлі Азия чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері, тараздық Нұрділдә Ералиевті ұтып, Петропавлда өткен турнирдегі есесін қайтарды. Мейірлан, Аллаберген Қайса (67 келіге дейін) және Мереке Рыспаев (91 келіге дейін) күміс иеленді.

Image 0Ағайынды Серікжан, Жанәлі және Сәлімжан Қарашаның аяғында Ирландия астанасы Дублинде әлем чемпионаты өтті. Атыраулықтардан ел құрамасына Абзал ғана ілікті. Бұл жолы ол қола алқа иеленді. Жауап берейін: бұл - спорт. Дублиндегі жаттығуда Абзалдың ескі жарасы сыр беріп, ол өзін толық көрсете алмады. Нәтижесінде жартылай финалда кейін әлем чемпионы атанған ресейлік спортшы Сергей Бородинге жол берді.

Желтоқсанда Петропавлда Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстан мен Қазақстаннан мықты спортшылардың қатысуымен дәстүрлі «Қызыл-жар» халықаралық турнирі өтті. Бұл жерде Өтемісов жеңімпаз, ал, Қайса мен Дәурен Керімов (75 келіге дейін) күміс жүлдегерлер атанды. Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбеде 2001 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Наурызбаевтың жүлдесіне турнир өтті. Ол жерге біз 40 шақты жас спортшыны әкелдік. Олардың барлығы дерлік өз өмірлеріндегі алғашқы алқаларды жеңіп алды.

«КӨКТЕМДЕ БҰЛ ЖЕРДЕ ШОУ БОЛАДЫ»

– 2016 жылдың жоспарлары туралы әңгімелесеңіз.

– Бір аптадан соң облыс құрамасы Уфаға кетеді, ол жерде дәстүрлі ресейлік турнирге қатысады. Ақпанда Қарағандыда біздің команда ринг қожайындарына қарсы матчтық кездесуге қатысады. Облыс құрамасында бес мықты спортшы бар: 51 келіге дейін (лоу-кик) – Жанәлі Сәлімгереев, 57 келіге дейін (К-1) – Жандос Назарбеков, 57 келіге дейін (фулл-контакт) – Өтемісов, 71 келіге дейін (К-1) – Әсет, 81 келіге дейін (К-1) – Ғизатов. Қазір осы жауапты кездесуге дайындық жүріп жатыр. Қатысушылардың барлығына ақшалай сыйақылар кепілдендірілген.

– «Қазақстан құрамасы Ресей құрамасына қарсы» матчынан кейін мен жанкүйерлердің көпшілігі жаңа шоуға тек қуанар еді деп ойлаймын...

– Біз қарағандылықтарға ұтамыз немесе ұтыламыз деп шарт қойдық. Бірақ наурызда немесе сәуірде олар Атырауға қарсы кездесуге келулері тиіс. Біз осылай келістік.

Мамырда Будапештте Әлем кубогы өтеді. ҚР құрамасына тек Абзал мен Жанәлі ілікті. Бірақ әлі іріктеу сайысы тұр. Біз Атыраудан ел құрамасына тағы бірнеше адам кіреді деп үміттенеміз.

Наурызда Қостанайда – ересектер арасында, ақпанда Шымкентте – 2000-01 жылғы кадеттер арасында, сәуірде Өскеменде – 1998-99 жылғы жастар арасында Дублинде қыркүйекте өтетін әлем чемпионатына іріктейтін ел чемпионаттары өтеді.

15 жастағы төрт дүркін ҚР чемпионы Сәлімжан Сәлімгереевке үміт артып отырмыз. Мамырда 2002 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасында чемпионат өтеді - өткізу орны әзірге белгіленген жоқ.

Осы жағдайды пайдаланып, кикбоксингке қолдау көрсеткені үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұржан Ермұхановқа, жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры Аманбай Қыздарбаевқа, облыстық кикбоксинг федерациясының президенті Медет Серікбаевқа, сондай-ақ, федерацияның атқарушы директоры Ерік Ботахановқа алғыс білдіргім келеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.