Атырау, 19 мамыр 14:44
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Орыс сыныбы мұғалімдерін дайындайды

1 597 просмотра

Image 0Өңірлік коммуникациялар қызметінде Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Бақыт ЖӘУТІКОВТІҢ (суретте) қатысуымен брифинг өтті.

Өңірімізде көп жылдан бері педагогикалық жоғарғы оқу орны жұмыс жасайтындығына қарамастан, білім беру мекемелерінде мұғалімдер тапшы. Әсіресе, орыс тілінде оқытатын сыныптарда. Бірнеше жылдан бері біз басқа өңірлерден, атап айтқанда, Оралдан мұғалімдер шақыртуға мәжбүрміз. Неліктен АМУ жергілікті кадрларды дайындамайды? «АЖ» сұрағына жауап бере отырып, Б. Жәутіков бұл мәселенің бүкіл Батыс Қазақстан үшін өзекті екенін атап өтті. Әсіресе – Атырау облысы үшін.

- Кеңес дәуірінде қатаң жоспарлау жүйесі болатын. Кейінгі уақытта, мемлекеттік тапсырыстар бөлінген кезде, белгілі бір университет немесе институт қанша бюджеттік орындар алатындығы нақты көрсетіліп, жоғарғы оқу орындарына бөліп берілетін. Ал қазір Қазақстан бойынша белгілі бір пәннен бірыңғай баллды жалпы байқау өткізіледі. Біздің мектеп түлектерінде ҰБТ-ның орташа баллы төмен болғандықтан, олар көбінесе мемлекеттік гранттар ала алмайды. Олар коммерциялық негізде оқи алады, бірақ ақылы топтардың басым бөлігін қазақ тілінде оқитын студенттер құрайды. Бізде орыс тілінде оқытатын коммерциялық топтар аз, - дейді Б.Жәутіков. – Жақында біз облыстық білім беру басқармасымен орыс тілді педагогтарды дайындауға бюджет қаржысын бөлу жөнінде келісімге келдік. 2016 жылдың жоспарына бұл енгізілген, қазір келісімшарттар жасаудамыз. 1-курс студенттері жергілікті бюджет қаржысы есебінен орыс тілінде білім алуға қызығушылық танытуда. Біз 80 адамға өтінім бердік, шешімді күтудеміз.

Журналистерді қызықтырған тағы бір ақпарат - «құқықтану» мамандығы бойынша студенттерді дайындау үшін университеттің криминалистік зертхана сатып алуына қатысты.

Бірде-бір қазақстандық жоғарғы оқу орнында аналогы жоқ зертханада бояу қолданбай саусақ таңбасын және аяқ киімнің түскен таңбасын алуға арналған жиынтық, көлік құралы шанағының таңбаламасында өзгерістердің болу фактісін жедел анықтауға арналған аспап және т.б. бар. Оның құны 8 млн теңге. Жыл сайын жоғарғы оқу орнын 100 шақты жас заңгер бітіріп шығады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

21 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.