Атырау, 19 мамыр 14:34
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оқиғалар тізбегі

2 636 просмотра

Image 0Полицияға Дамба поселкесінің 25 жастағы тұрғыны шағымданды: 16 қаңтарға қараған түні ауласына ұры түсіп, байлаулы тұрған екі айлық алабай күшігін ұрлап кетуге әрекет еткен. Ол қаскөйдің 34 жастағы ауылдасы екенін танып қалған. Оны полиция ұстады.

***

Ганюшкин поселкесінде 25 желтоқсанда белгісіз біреу 25 жастағы әйелдің ішінде 10 мың теңгесі бар сөмкесін қолынан жұлып алып кеткен. Полиция 16 қаңтарда күдіктіні, 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Заттай айғақ алынды.

***

Атырауға табыс табуға келген Батыс Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны ІІБ-ге шағымданды. 16 қаңтарда ол қызбен танысқан. Ал әлгі қыз оның сөмкесінен банкомат кәртішкесін ұрлап алып, ішіндегі барлық ақшаны – 71 мың теңгені білдірмей түсіріп алған. Ұрының жеке басы анықталып, іздеу жарияланды.

***

Полицияға Жұмыскер тұрғыны шағымданды: 12 қаңтарда белгісіз біреу оның ұялы телефонына хабарласып, теледидар ұтып алғандығы туралы хабармен абыржытып тастаған. Үйіне дейін сыйлықты жеткізу 38 мың теңгеге бағаланған. Ер адам тездетіп ақшасын аударып, содан соң өз қателігін мойындап, полицияға хабарласқан. Қоңырау шалушының жеке басы анықталды. Ол 33 жастағы Қызылорда тумасы болып шықты. Іздеу жарияланды.

***

Батыс өңірлік аэромобильдік құтқару жасағының қызметкерлері ЖКО салдарынан көлікке қыстырылып қалған ер адамды құтқарып қалды. Бұл 19 қаңтарда сағат 17-де Атырау – Еркінқала тас жолында орын алған. Ол жерде Лексус» пен «Тойота Королла» көліктері соқтығысқан. Құтқарушылар «Королланың» ішінде қысылып қалған 54 жастағы ер адамды шығарып алып, медиктердің қолына тапсырды. Құрбан болғандар жоқ.

21 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.