Атырау, 29 қараша 10:52
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Шағымдар жыл сайын көбейіп келеді

1 832 просмотра

Image 0Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіде медициналық қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер сөз болған дөңгелек үстел өтті.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина КАМЕЛОВАНЫҢ (суретте) айтуынша, былтыр шілде айынан бастап №7 қалалық емханада ашылған call-орталыққа 652 арыз келіп түскен. Ал, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментіне 88 арыз тіркелген (2014 жылға қарағанда 13,7 пайызға өскен). Департамент басшысы Байтолла ҒАЗИЗОВТЫҢ (суретте) айтуынша, олардың 7-уі тексеру кезінде дәлелді, 27-сі жартылай дәлелді, 54-і дәлелсіз болып шыққан.

- Біздің департамент қызметкерлері 2015 жылы 8 жоспарлы және 116 жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Құқыққорғау органдарына 40 іс жолданды. Соның ішінде 5 іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Б.Ғазизов.

- Неге бұлай болады? – деп сұрады облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН (суретте) Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері м.а. Амангелді АҚПАЛИЕВТЕН (суретте). - Қаланың жолдары жақсарып, қалалық жедел жәрдем станциясы көліктермен толығып жатса да, халық арасында жедел жәрдем қызметі кешігіп жетеді деген шағымдарды естиміз...

А.Ақпалиев жедел жәрдем станциясына түсетін қоңыраулардың жылдан жылға өсіп келетінін айта келе, жедел жәрдем қызметінің өз жұмысын толық атқарып отырғанын жеткізді.

- Жедел жәрдем көлігі қарлы боран, көктайғақ кезінде кешігіп жетіп жатпаса, басқа кідірістер жоқ.

Д. Камелованың айтуынша, жедел-жәрдем станциясы базасында үш-төрт төсектік күндізгі стационар бөлімін ашу мәселесі қарастырылуда.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

21 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.