Атырау, 19 мамыр 14:18
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аудан жаңалықтары

2 781 просмотра

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ

Аудан әкімдігінде балабақша кезегінде тұрған 900-ге жуық ата-ананың арызы жатыр. Ал, олардың бәрін бірдей балабақшамен қамту дәл қазір мүмкін болмай отыр.

Қазіргі күні ауданда 21 балабақша болса, соның бесеуі Ганюшкин поселкесінде орналасқан.

- Жуырда 280 орындық балабақша ашылды. Биыл Каспий құбыр желісі консорциумының демеушілігімен тағы бір 280 орындық балабақша құрылысы басталмақ. Осылайша балабақша кезегін бірте-бірте азайтуды жоспарлап отырмыз, - деп хабарлады Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Муса АБДРАХМАН.

***

МАХАМБЕТ АУДАНЫ

Махамбет ауылында «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен 280 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды.

Аудан әкімінің орынбасары Азамат АЙМАНАКУМОВТЫҢ айтуынша, бұл ауылда балабақша мәселесі осымен толық шешілмек.

***

Махамбет ауылында халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының құрылысы аяқталды.

Заманауи үлгіде салынған екі қатарлы ғимаратта келушілер үшін барлық жағдай жасалған.

ИНДЕР АУДАНЫ

Ауданда мал сырғалау жұмыстары аяқталуға жақын. Жуырда ауданға 9 мың ірі қараға және 600 түйеге арналған сырғалар әкелінген. Жергілікті мал дәрігерлері биылғы төлге жетерлік сырға қолда бар екенін хабарлады.

***

МАҚАТ АУДАНЫ

Ауданда 65 мекеме 203 мүгедек жанға бірінші кезектегі азық-түлікпен көмектескен. Қайырымдылық шарасы жалғасуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.