Атырау, 29 қараша 10:51
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Баспана мәселесі шешіліп келеді

2 742 просмотра

Image 0Құлсары қаласында соңғы екі жылдан бері апатты үйлерді бұзып, орнына жаңасын салу жұмыстары үзбей жүргізіліп отыр.

60-шы жылдары салынып, апатты жағдайға жеткен Әбдірахманов көшесіндегі екіқабатты сегіз үй бірінші күрелген болатын. Күрелген үйлердің орнына жаңа баспаналар салынып біткенше бұл үйлердің тұрғындарын уақытша баспанамен қамту үшін аудандық әкімдік «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен көпқабатты үйлерден 64 пәтер сатып алып берген болатын.

- Біз бұзылған сегіз үйдің орнына 60 пәтерлік бес үйді салуды көздедік. Бұған бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, баспана құрылысын «РаЗаСтрой», «Арман АВК», «Ак-СунСтройИмпекс», «АтырауВитаСервис» ЖШС-тері жүргізген болатын, - деп хабарлады Құлсары қаласының әкімдігі.

Қазіргі күні жаңа үйлерге 204 отбасы қоныстанып үлгерген. Ал, жаңа баспана алаңдарын абаттандыруға қосымша қаржы бөлініп, бұл жұмыспен «ҚұлсарыГаз» ЖШС айналысуда. ЖШС балалар ойын алаңдарын, жаяу және автокөлік жолдарын, шағын аяқдоп алаңдарын салуды міндетіне алған.

Бұзылған апатты үйлердің орнында, биылғы жоспарға сәйкес, демеушілік көмекпен саябақ құрылысы жүрмек. Сонымен қатар, алдағы уақытта аудандық кітапхана, мұражай, мектеп, демалыс саябағын салу да жоспарланып отыр.

Ал, жергілікті әкімдік сатып алған 64 пәтер мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлеріне берілмекші. Сондай-ақ, үй кезегінде тұрғандарға да баспана беру мәселесі шешілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.