Атырау, 26 қыркүйек 23:07
 дождьВ Атырау +19.9
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

​Тәжікстанда полиция бір жылда 13 мың адамның сақалын алып тастаған

1 697 рет қаралды

Image 0

2015 жылы Тәжікстанның Хатлан облысында жергілікті билік 13 мың ер адамның сақалын күшпен алып тастаған. Сонымен қатар, 2 мың әйел өз еркімен хиджаб киюден бас тартқан.

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары «тәжік мәдениетіне сәйкес келмейтін құндылықтармен» күрес барысында осындай шараларды қолға алған.

Тәжікстанның милиция қызметкерлері жүз мыңға жуық сақалды адамдарды ұстаған. Олардың аты-жөнін анықтап, саусақтарының ізін алған соң сақалдарын күшпен қырып тастаған.

«Жат құндылықтардан арылыңдар! Дәстүрлі үлгімен тігілген киім киіңдер, тәжік әйелі үшін қара түс қаралы күйдің белгісі», - деп атап өткен мемлекет басшысы Эмомали Рахмон.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 қаңтар 2016, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.