Атырау, 29 қараша 10:47
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Көгалдандыру: әрі арзан, әрі үйлесімді

5 627 просмотра

Image 0Атырауды көгалдандыру және дәрілеу проблемалары қалалық әкімдікте өткен кеңесте талқыланды.

«ЗЕЛЕНСТРОЙ» ТУРАЛЫ НАШАР СӨЗ

Өткен жылы бұл жұмыстар түрлі себептер бойынша көп кешігіп басталған еді. Енді қалалық билік қателіктерді ескеріп, көгалдандыру бойынша мердігерді 1 наурызға қарай анықтамақ.

Көгалдандыру қызметтерін көрсететін фирмалардың өз тәлімбақтары, сауатты мамандары болуы тиіс. Өйтпеген жағдайда тендерге қатысуға өтінім беру жауапсыздық болады, - деп мәлімдеді Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ. – «Зеленстрой» ЖШС-ның өткен жылғы жұмысы қанағаттанарлықтай болмады, олардың базалары да, мамандары да жоқ. Әсіресе бұл қаланың елбасының келу сапарына дайындығы кезінде айқындалды. «Зеленстрой» орындай алмады, көмекке «ЭкоСтройСтандарт» ЖШС, «Атырау Гүлдері» ЖШС және басқаларын тартуға тура келді.

Н.Ожаевтың айтуынша, билікті жұмысы көңілден шықпайтын мердігерлермен жұмыс істеуге ең төменгі баға ұсынатындармен келісімшарт жасауды міндеттейтін мемлекеттік сатып алулар өткізу шарты мәжбүр етеді екен. Бүгінде қаланы жарық шамдарымен безендіру байқауын ұтып алған фирмада да шамамен осындай жағдай. Әкім жануарлардың арзанқол мүсіндері солғын көрінеді және 23 млн теңге тұратын қаланың әшекейі деген атаққа еш сай келмейді деген қала тұрғындарының пікіріне қосылады.

«ӨТЕ АЗ СҰРАП ОТЫРҒАНЫМЫЗДЫ БІЛДІК, БІРАҚ...»

Қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Эдуард ОСПАНОВТЫҢ айтуынша, өткен жылы дәрілеу тендерін ұтып алған «Disinfection Servises» ЖШС көппәтерлі 950 үйдің жертөлелері мен подъездерін өңдеген.

Дәрілеу сондай-ақ, булану алаңдарында, кәріздік-тазарту құрылғыларында, сонымен қатар жалпы алаңы 2 мың га шалшықтанған жерлерге жүргізілді. Демалыс бақтары мен басқа да қоғамдық орындар өңделді.

Өткен жылы дәрілеуге біз 80 млн теңге бөлуге дайын болдық. Бірақ тендер төмендету саудасы қолданылып өткізілді. Байқауды жеңген фирма 37 млн теңге ұсынды. Сіздерге осы қаржы сапалы өңдеуге жеткілікті болды ма? – деп сұрады әкім «AG disinfection serviсes» ЖШС-нің бұрынғы директоры Назгүл МЕҢДІҒАЗИЕВАДАН.

Жетпеді, – деп, мойындады ол.

Осындай сомаға жұмыс жүргізуді ұсынған өзіңіз ғой?

Тендерге тек біздің ғана емес, басқа қаланың фирмалары да қатысты. Әрине, олар өздерінің өңірлеріне сай келетін жұмыстардың құнын ұсынды. Ол бізге үйлеспеді, өйткені біздің климатымыз өзгеше және өзіндік жұмыс жасау ерекшелігі бар. Бірақ біз байқауды жеңу үшін бағаны төмендетуге мәжбүр болдық.

Соңғы жылдары Атырау нағыз масалар басқыншылығын бастан өткеруде. Олар әр маусым сайын көбеюде, ал қансорғыштардың өзі – одан сайын «ашушаң» болып кеткен. Алдыңғы жылы қамыс өртенгеннен кейін Атырауда табиғи маса пайда болды. Өткен жылы көктемгі су тасқыны ахуалды шиеленістіріп жіберді. Қала үнемі кеңеюде, көппәтерлі үйлердің саны да, жеке тұрғын үй салынған аудандар да көбеюде. Яғни, дәрілеушілердің жұмыс майданы да артуда. Тиісінше, осы мақсатқа бөлінетін қаржылар да көбеюі тиіс. Іс жүзінде бәрі тендерлерді өткізу шартына тіреледі. Онда: ең төменгі бағаны ұсынғандар ұтады делінген.

…СОНЫМЕН ҚАТАР БҰРҚАҚТАР

Image 1Көгалдандырумен айналысатын фирмалардың бірінің басшысы Болат МЫРЗАБЕКОВ бірнеше ұсыныстар енгізді. Біріншіден, Исатай мен Махамбет алаңы және мешіт арасындағы гүл бағын бөліп, оған арша, шырша, шегіршін, шетен және басқа ағаштарды отырғызу. Егер масаны үркітетін өсімдіктерді отырғызса, мәселен, қалампырды, аршаны, онда қансорғыштардың проблемасын да шешуге болады. Екіншіден, облыстық әкімдік ғимаратының маңына бұта қоршамын отырғызу керек. Бұған шырмауықтың тегеурініне қарсы тұра алатын ағаштарды таңдау қажет. Біздің климатымызға үйреншікті қарағаш, өкінішке орай, онымен қатар өсе алмайды. Үшіншіден, кәрі ағаштарды жасарту (қырқып отыру) жұмыстарын үнемі жүргізу керек. Мұны әрбір 5-7 жыл сайын жасау қажет. Бұдан басқа, кәсіпкер пилотты жобаны жүзеге асырғысы келді: Тайманов-Әлиев қиылысы маңындағы белгілі бір учаскені алып, сол жерден өсімдіктердің жерсініп өсуіне қол жеткізгісі келеді.

Қорытынды жасаған қала әкімі суару мен ағаштарды кесіп қысқарту жұмыстарын енгізіп, бүкіл есептеулерді алдын-ала дайындау қажет екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ, бұрқақтарға қызмет көрсету мәселесін көтеріп, 20 мамырға дейін қаланы ретке келтіруге тапсырма берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

19 қаңтар 2016, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.