Атырау, 18 мамыр 19:37
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​«Бейбарыс-Атырау» ХК-ның жаңа директоры: «Бірінші кезекте қарыздардан құтылу керек»

2 748 просмотра

Облыстық шайбалы хоккей федерациясынан хабарлағандай, «Бейбарыс-Атырау» ХК-ның жаңа директоры болып 34 жастағы Георгий Щербаков тағайындалды. Бұрын клуб басшысы Нұржан ӨТЕПОВ өткен жылдың қараша айында өз қалауымен жұмыстан кеткен болатын.

Біз телефон арқылы Г. Щербаковпен хабарластық.

- Георгий Георгиевич, облыстық шайбалы хоккей федерациясында сіз қоғамдық жұмыс ретінде әуесқой хоккей мәселелерімен айналыстыңыз...

- Мен әуесқой «Сұңқар» командасында ойнадым. Содан кейін ешбір командаларға тіркелмеген, бірақ хоккей ойнауға құлшыныстары жоғары жігіттермен таныстым. Солардың басын қосып, «Легион» командасын құрдым. Қазір Атырауда жеті әуесқой команда бар: «Атырау Жарық», «ҚМГ Бұрғылау», «Прикаспиец», «Легион», «Фантом», «АМӨЗ» және «Сұңкар». Мұз сарайының аренасы бір минут болса да бос тұрмайды. Жаттығулар сағат түнгі 11-ге дейін жүреді, ойнағысы келетін адамдар көп. Алайда басқа командалар құра алмаймыз, ойнайтын жер жоқ.

- Сіз «Бейбарыс-Атырау» ХК директоры қызметін бизнесіңізбен қатар жүргізесіз бе?

- Мен бизнестен кеттім (Г. Щербаков құрылыс бизнесімен айналысқан – М.С.)

- «Бейбарыс-Атырау» ХК проблемаларының қайсысы ең өзекті деп есептейсіз?

- Ең алдымен қарыздардан құтылу керек. Мұз сарайының электр мен газға қарызы бар, команда спорттық киім-кешек, құрал-саймандарды да қарызға алған. Облыс спортына жетекшілік жасап жүрген облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанға алғыс айтқым келеді. Бұл кісімен кездескеннен кейін біз үлкен қолдауды сезінеміз. Сондай-ақ облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Н.М. Ермұханов пен оның орынбасары Г.Б. Қаленоваға алғысымыз шексіз.

2015 жылдың желтоқсан айында тұрақты чемпионаттың 1-кезеңі аяқталды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша «мәмлүктер» турнир кестесінде «Арлан» (Көкшетау) командасынан 30 ұпай қалып, 2-орында келеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

«Бейбарыс-Атырау» командасының қатысуымен өтетін 2-кезең ойындарының кестесі

18-19 қаңтар

Бейбарыс – Алматы

23-24 қаңтар

Горняк – Бейбарыс

28-29 қаңтар

Бейбарыс – Құлагер

2-3 ақпан

Ертiс – Бейбарыс

13-14 ақпан

Бейбарыс – Номад

18-19 ақпан

Бейбарыс – Астана

23-24 ақпан

Арлан – Бейбарыс

19 қаңтар 2016, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.