Атырау, 19 мамыр 17:00
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Америка киноакадемиясының құрамы «Оскар» үміткерлеріне қатысты дауға байланысты өзгереді

1 354 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың кино өнері академиясы құрамына «Оскар» сыйлығы номинациясы айналасында туындаған дау-дамайға байланысты елеулі өзгерістер енгізуді қолға алды. Бұған кино саласының белді өкілдерінің наразылығы әсер етіп отыр, өйткені сыйлықтан 20 үміткердің ішінде бірде-бір қара нәсілді әртіс болмай шыққан.

Америка киноакадемиясының президенті Шерил Бун Айзекс осындай мәлімдеме жасады.

«Бұл күрделі әрі маңызды мәселе. Бәрін өзгертетін уақыт келді. Академия өз мүшелерінің құрамын өзгерту үшін түбегейлі қадам жасайтын болады», - деп хабарлады Айзекс.

«Оскар» сыйлығының иегерлері 28 ақпанда белгілі болады. 88-ші салтанатты рәсім «Долби» театрында өтеді. Оны әлемнің 225 еліне ABC телекомпаниясы тікелей эфирде көрсетеді.

Дереккөз: inform.kz

19 қаңтар 2016, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.