Атырау, 26 қараша 16:50
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Биологтар басты ауыстыру операциясы жолында үлкен қадам жасады

2 592 просмотра

Италия хирургы Серджио Канаверо басшылық ететін Биологтардың халықаралық ұжымы адамның басын ауыстыруу жолында үлкен қадам жасады. Ғалымдар егеуқұйрықтан алынған жұлынынды сәтті өсіріп, бұл әдістің бір бөлігін маймылға пайдаланып көрді, - деп хабарлайды РИА Новости Surgery және CNS Neuroscience & Therapeutics басылымдарында жарияланған баяндамаға сілтеме жасап.

Канаверо мен оның ұжымдастары егеуқұйрықтың жұлынын бағаналық жасушамен өсіру арқылы операцияның негізгі бастамасын жасады. Бұл үшін ғалымдар жүйке талшықтарын бір-бірімен байланыстыруға көмектесетін полиэтиленгликоль органикалық заттегін, сонымен қатар, жұлынның алынған орнын қайтадан дамытанын әдісті пайдаланды.

Ғалымдардың айтуынша, омыртқасына зақым келсе де, осы әдіс пайдаланылғаннан кейін жануарлар қайтадан жүріп кеткен. Айта кетейік, бұл операциялардың барлығы Қытайда жасалды.

Мамандар маймылдарда миды ауыстыру кезінде ми функциясының толықтай сақталғанын да айтты. Осылайша, миды ауыстыру операциясында жануарларға ешқандай зақым келмеді және олардың миы жаңа денеге ауыстырылғанда өзгеріске ұшырамады. Ғалымдар әлемдегі ең алғашқы трансплантация кесте бойынша 2017 жылдың желтоқсанында өткізілетінін айтып отыр.

Еске сала кетейік, басты ауыстыруға бірінші болып ресейлік бағдарламашы Валерий Спиридонов келісім берген болатын. Операцияны жасайтын Каневеро басты трансплантациялау үшін көптеген хаттар алып жатқанын айтты. Бірақ дәрігер емделушіні тек жұлын бұлшық ет атрофобиясынан зардап шеккендердің ішінен ғана таңдайтынын мәлімдеді. Донорды бас миынан емделмейтін жарақат алғандар немесе өлім жазасына кесілгендердің ішінен таңдайды екен.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 қаңтар 2016, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.