Атырау, 17 желтоқсан 15:17
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Құтқарушылар Шоқыну мейрамына дайын

2 330 рет қаралды

Image 0«БӨАЖҚЖ» ММ сүңгуір-құтқару бөлімшесі діни "Құдайға шоқыну" мейрамын өткізуге дайын екендігі туралы баспасөз хабарламасын таратты.

Шоқыну мейрамы облыс бойынша шомылу үшін жеті жерде: Жилгородок ауданында (жағажай), "Атырау" ДСК ("Орал" мейрамханасына қарсы), Мечников-Баймұханов көпірінде, Махамбет поселкесінде (аудандық балық қорғау қызметі кеңсесі маңында), Индербор поселкесінде (ескі жағажай), Құлсары қаласында (8-ші ауыл маңындағы Қамыскөл көлінде), Ганюшкин поселкесінде (Безымянный ауданы, аудандық мешіт маңында) ұйымдастырылады.

Жайық өзеніндегі мұздың қалыңдығы 12-15 см құрайды. Мұз ойығы орналасқан жерлердегі су қоймасының тереңдігі 120 см, мұз ойығының көлемі - 2 м х 1 м құрамақ. Шомылатын жерлерде суға түсуге және шығуға арналған ағаш баспалдақтар әзірленген. Әр жерде қауіпсіздік үшін жауапты тұлғалар белгіленген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 қаңтар 2016, 21:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.