Жаңа жылда Атырауға жауған қарды жай тазалап жатыр деп шағымданған қалалықтардың наразылығына облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ жақында болған облыстық мәслихат сессиясында қала көшелерінде 100-ден аса техника жұмыс жасап жатыр деп жауап берген болатын.
Әңгіме көлік жүретін жолдар туралы болған сияқты. Алайда билік жаяу жүргіншілерді мүлдем ұмытыпты. Бір еріп, бір қатқан қар көшелерді мұз айдынына айналдырды, бұл адамдардың жарақат алуына себепші болып отыр («Көк мұз, тайғақ кешу» мақаласын қараңыз).
Осы қалың қар жауғаннан екі аптадан кейін мен қала көшелерімен жаяу серуендедім. Кейбір жерлерде тротуарларды тазалауды бастапты, алайда бұған дейін не ойлаған деген ой келеді, тағы бір сұрақ: коммуналдық қызметтер тротуарларға басқа қалалардай арнайы реагенттер немесе құмдарды неге сеппейді?
...№1 қалалық емхана маңындағы тротуар жақсы тазартылыпты, бірақ оған дейін тайғақ кешіп жету керек. Азаттық даңғылы бойындағы «Шалқыма» маңында мұз төбелер пайда болыпты. Тұрғындар қалашығындағы Әуезов көшесінің тұрғындарына да оңай емес. Мұнда коммуналдық қызметкерлердің көлік жолынан шығарған қарлары мұз тауға айналған, жаяу жүргіншілер өздері соқпақ із салып алыпты. Қалалық ТКШ бөлімі ғимаратының алдындағы алаң мен кіру жолдары күйсіз жағдайда, ал мұнда адамдар ағыны көп болады. Бұл жерде көлікпен де, жаяу да жүру өте қиын.
Жалпы, өзіміз көргендей, қалада қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр, алайда көбіне орталық және оған жалғасқан көшелер тазартылуда.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор