Ресейдің Интернеттегі сауда-саттық компаниялар қауымдастығы шетелден келетін сәлем-сауқаттың 5 пайызын ашып тексеруді ұсынды. Қазір осы мәселе бойынша кеден қызметімен келіссөз жүргізіліп жатыр. Олар осылайша контрафактілік өніммен күресеміз де сендіруде, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
Интернеттегі сауда-саттық компаниялар қауымдастығының басшысы Алексей Федоровтың айтуынша, осы мәселе кеден және пошта қызметімен бірге жабық конференцияда талқыланады.
Федоров анықталған контрафактілік өнімді тәркілеп, жоюды ұсынады. Ол сатып алушыны жазаламау керек деп отыр. «Өйткені ол жасанды тауар екенінен бейхабар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өндіруші тарап сараптамаға шақырылып, егер жасандылық айқындалса, зат тәркіленіп, жойылады», - деп түсіндірді ол.
Дереккөз: ҚазАқпарат