Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Бас директоры қылмыстық әрекетке барған бір топ мигрант үшін Еуропа жұртшылығы барлық босқындарға қара жабуды тоқтату керектігін айтты, деп хабарлайды ТАСС.
Естеріңізге сала кетсек, жаңа жыл қарсаңында вокзал маңында 200-ге тарта полиция қызметкері кезекшілік атқарған. Құқық қорғаушылар бірнеше адамды қолға түсірді. Олардың бірінде босқындардың құжаты болған.
Аталмыш оқиға салдарынан Еуропа жұртшылығы мигранттардан қауіптене бастады. Кельн, Цюрих және басқа да қалаларда болып жатқан заң бұзушылық әрекеттер Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) жұмысын күн сайын қиындатып келеді. Бұл жөнінде ХКҰ Бас директоры Уильям Лейси Свинг мәлімдеді, деп жазады ТАСС.
«Мұндай жағдайлар жұмысымызды ауырлатып жіберді. Еуропа жұртшылығы мигранттарды міндетті түрде қылмыстық іске қатысы бар адам ретінде қабылдай бастады. Сондықтан көші-қонды әрі қарай жүргізу қиынға соғып отыр. ЕО мемлекеттерінің азаматтары сырттан келген босқындар міндетті түрде қылмыс пен лаңкестіктік ала келеді деп әбден қорқып қалған»,- деді Уильям Лейси Свинг.
Дереккөз: bnews.kz
15 қаңтар 2016, 12:49
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.