Атырау, 26 қараша 16:37
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бетіндегі әжімінен құтылмақ болған жас модель өмірімен қош айтысты

1 658 просмотра

Image 0

Әдемілікті жаны сүймейтіндер кемде-кем. Қыз-келіншектердің кейбірі «мәңгі жас» болудың құпиясын халықтық медицинадан іздесе, енді бірі пластикалық операцияға жүгініп жатады. Әйтсе де отаның осы түрі адам өміріне үлкен қауіп төндіретінін көбісі ескере бермейтіні қынжылтады. Жақында Бразилияда орын алған оқиға осының айқын дәлелі.

Жастық келбетін қимай, әжіммен арпаласқан 28 жастағы бразилиялық модель Ракел Сантус кенеттен қайтыс болды. Көздің айналасындағы әжімді кетіруге арналған ерітіндіден кейін жас модельдің жүрегі тоқтап қалған.

Қазір қайғылы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Бақилық болған әйелдің күйеуі Жилберту джи Азиведу әйелінің өліміне аурухана мен ондағы қызметкерлерді кінәлап отыр, деп жазады lifenews.ru.

«Клиникада тиісті жабдық атымен жоқ, оттегі баллонын әрең таптық», - дейді Ракел Сантустың күйеуі.

Жұбайының сөзіне сенсек, әйелі ауруханадан шығысымен-ақ өзін жайсыз сезінген. Тынысы тарылған оны дереу медициналық мекемеге жеткізеді, алайда ақхалаттылар оның өміріне араша түсе алмады.

Пластикалық операция жасаған дәрігер науқастың өліміне кінәлі еместігін айтып, ат-тонын ала қашты. Айтуынша, Ракел темекіге өте әуес болған, күніне үш қораптың түбін көрсету оған түк емес болатын. Сол себепті ол өз түбіне өзі жетті, дейді дәрігер.

Дереккөз: bnews.kz

15 қаңтар 2016, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.