Атырау, 29 қараша 10:41
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Дипломмен – ауылдан

2 344 просмотра

Image 0«Дипломмен - ауылға» бағдарламасына қатысушыны сот арқылы төленген жәрдемақыны қайтаруға міндеттеді.

Исатай ауданының әкімдігі жауапкерден мемлекет пайдасына 98 910 теңге көтерме жәрдемақы сомасын өндіріп алу туралы талап арыз берді. Ол жас маман ретінде Аққыстау поселкесіндегі орта мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасқан. «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес, жергілікті бюджеттен оған көтерме жәрдемақы төленген. Әкімдікпен жасалған келісімшарт бойынша жас маман бұл жерде бес жыл бойына жұмыс жасауға міндеттелген. Алайда келісілген мерзімде жұмыс жасамай, өз қалауы бойынша жұмыстан кету туралы арыз жазған.

Исатай аудандық соты мемлекет пайдасына одан көтерме жәрдемақы сомасы мен мемлекеттік баж салығын өндіріп алды. Шешім заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 қаңтар 2016, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.