Атырау, 5 мамыр 03:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қаңғыбастар тоңбасын деп...

2 463 просмотра

12 және 14 қаңтар аралығында облыс полициясы күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр – «Құқықтық тәртіп» операциясы жарияланды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, жергілікті полиция басты күшті үй-күйсіз, қаңғып жүрген адамдарды тауып, арнайы қабылдау орнына жеткізуге салып жатыр. Бұл алда келе жатқан аязға байланысты жасалуда. Операцияның екі күнінде 29 қаңғыбас табылып, қабылдау мекемесіне жеткізілді.

«Қазгидромет» РМК филиалының метеоболжамдар бөлімінің басшысы Күләйна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, қаңтардың үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз 10-15, кей жерлерде 17 градус аяз болмақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 қаңтар 2016, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.