Атырау, 5 мамыр 11:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Газ тұтынушылардың назарына!

2 722 просмотра

Құрметті тұрғындар! Сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда!

Табиғи газ аса мән беруді талап етеді. Жылыту маусымының екі айы ішінде газды тұрмыста қолдану ережелерінің бұзылуы нәтижесінде екі оқыс оқиға орын алып, 10 адам зардап шеккен.

2015 жылғы 6 желтоқсан күні Исатай ауданы Жанбай ауылында мұржада тартым болмағандықтан, яғни мұржаның жарамсыздығынан бір жас пен 10 жас аралығындағы бес бала және екі ересек адам газдан уланып қалған. Отағасын аман алып қалу мүмкін болмады.

2016 жылғы 3 қаңтарда Махамбет ауданы Алмалы ауылында дәл осындай жағдайдың салдарынан үш адам газдан уланып, оның екеуі көз жұмған.

Мұржаның бойының қатып қалып, тартымның болмауы көп жағдайда қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады. Газды тұрмыста қолдану ережелері өте қарапайым және оларды сақтау сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі болып табылады.

Мұржаның жай-күйін тексеріп отырыңыз! Мұржаның бітелуі, айналасындағы сылақтың түсуі, оның бойына басқа заттардың түсіп кетуі тартымның бұзылуына себеп болып, ғимаратта газбен тұтанған заттардың иісі шығып, тұншықтырғыш газдан улану жағдайы орын алады. Қолайсыз ауа райы, аяз, қатты жел, тұман мұржаның тартымын нашарлатады.

Қыс мезгілінде кем дегенде айына бір рет, сонымен қатар ауа температурасы күрт төмендеген кезде, тұрғындар мұржалардың қатып қалуы мен бітелуін болдырмау мақсатында оларды тексеріп тұруы керек. Мұржалар қатып қалмас үшін сырты қапталуы шарт.


Газ иісін сезген кезде дереу:

Барлық газ крандарын жабыңыз

Орынжайды желдетіңіз

Ашық отты пайдаланбаңыз

Электр аспаптарын қоспаңыз

104 телефоны арқылы апаттық қызметті шақырыңыз.

Ережелерді ұстаныңыз! Өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтаңыз!

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ

14 қаңтар 2016, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.