Атырау, 2 маусым 03:59
 дождьВ Атырау +16.3
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Ресми дерек: Джакартада лаңкестіктен екі бейбіт тұрғын қаза тапты

2 034 рет қаралды

Image 0Джакарта орталығында болған бірнеше жарылыс пен атыстан екі бейбіт тұрғын мен бес лаңкес қаза тапты. Бұл туралы саясат, заң және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі министр-үйлестіруші Лухут Бинсар Панджаитан мәлімдеді.

«Бес лаңкестің көзі жойылды», - деді оқиға орнына келген министр.

Сондай-ақ ол ажал құшқан екі бейбіт тұрғынның арасында Нидерланды азаматы бар екенін растады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Бұған дейін Әл-Жазира телеарнасы полициядағы дереккөзге сілтеме жасап, террорлық акті салдарынан кем дегенде 12 адам, соның ішінде бес тәртіп сақшысы мерт болғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ шабуыл жасаған бес қаскөй де өлтірілген.

Дереккөз: bnews.kz

14 қаңтар 2016, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.