Атырау, 5 мамыр 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Біз, ақша және «Айфон»

2 571 просмотра

Кеше, 13 қаңтарда, шамамен сағат 15.20-да Привокзальный ықшамауданы Бергалиев көшесі бойындағы гүлдер дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлады.

Дүкенге ер адам кірген кезде іште басқа келушілер жоқ болатын. Ол үшкір темір затпен қорқытып, 35 жастағы сатушыға ақша беруін талап етеді. Ақша беруден бас тартқан әйелдің балтырына үшкір қаруымен ұрып, сөреде тұрған «айфонын» алып, қашып кетеді.

Осы қылмысты жасады деген күдіктіні жергілікті полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстады. Ол Привокзальный ықшамауданының 43 жастағы тұрғыны екен.

Күдікті уақытша ұстау орнына қамалды. Айғақ зат – темір біз – алынды. ҚР ҚК-нің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шегуші травматологиялық бекетке жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 қаңтар 2016, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.