Атырау, 26 қараша 16:19
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Әл-Жазира» АҚШ-та хабар таратуды тоқтатады

2 157 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катардың "Әл-Жазира" медиаконцерні АҚШ-тағы өз кабельдік телеарнасын жабу туралы шешім қабылдады, деп жазады Би-би-си.

Компания хабарламасында хабар тарату осы жылдың сәуірінен бастап тоқтатылатыны нақтыланды. Мұны медиаконцерн америкалық телеарна нарығындағы қолайсыз климатпен түсіндірді.

Үш жыл ішінде арнаның америкалық нұсқасы жеткілікті аудитория жинай алмағаны атап өтіледі.

Бұл ретте компания АҚШ-та өз қызметін толықтай жүргізуге ниетті емес, алайда сандық сервистерді дамытуды қолға алмақ.

«Әл-Жазираның» америкалық нұсқасы 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жергілікті БАҚ деректеріне сәйкес, ол АҚШ-тың 61 млн. халқына қолжетімді болды, алайда прайм-таймдағы көреремендер 30 мың адамнан аса қоймады.

Дереккөз: inform.kz

14 қаңтар 2016, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.