Атырау, 26 қараша 16:29
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Эмомали Рахмон өмір бойына Тәжікстан президенті болып қалуы мүмкін

3 864 просмотра

Алматы. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Эмомали Рахмон өмір бойына Тәжікстан президенті болып қалуы мүмкін, деп хабарлады Тәжік телеграф агенттігі (Тәжік ТА) бейсенбі күні.

«Тәжікстанның қазіргі президенті Эмомали Рахмон мемлекет басшылығына шектеусіз рет сайлана алады», - деп көрсетілген Тәжікстан конституциясының жаңадан дайындалып жатқан жобасында.

Атап айтқанда, 65-ші бапта ТР президенттігіне тек Тәжкстан азаматтығы бар, жасы 30-дан жас емес, жоғарғы білімді, мемлекеттік тілді білетін, республикада кем дегенде соңғы 10 жыл мекен еткен азамат үміткер бола алады деп көрсетілген. Аталған бап 5-ші тармақпен толықтырылған. Ал онда аталған баптың 4-ші тармағындағы шектеулер бейбітшілікті орнатушы және Ұлт көшбасшысына жүрмейді делінген

«Бейбітшілікті орнатушы және Ұлт көшбасшысының құқықтық мәртебесі мен өкілеттілігін конституциялық заң айқындайды», - делінген құжатта.

Тәжік ТА еске салғандай, қазіргі 65-ші бап бойынша президентті Тәжікстан азаматтары жалпы және тең және тікелей дауыс беру құқығының негізінде құпия дауыс беру арқылы 7 жылға сайланады, және 35 жастан жас емес, мемлекеттік тілді меңгерген Тәжікстан аумағында соңғы 10 жыл мекен еткен ТР әр азаматы президенттікке өзін ұсына алады деп көрсетілген.

Бүгін қолданыстағы заң бойынша, «президенттікке үміткер ретінде сайлаушылардың кем дегенде 5%-нан қол жинаған тұлға тіркеле алады және бір тұлға қатарынан 2 мерзімнен артық президент бола алмайды», - деп көрсетілген.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа редакциядағы заңның қабылдануы алдағы 2020 жылғы президенттік сайлауға қазіргі ТР президенті Эмомали Рахмонның үлкен ұлы - Рустам Эмомалидің де қатысуына құқық береді. Ол 2020 жылы 33 жасқа толады.

Еске салсақ, 2015 жылы 15 желтоқсанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон осының алдында ТР парламенті мақұлдаған «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы Ұлт көшбасшысы» заңына қол қою арқылы «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін алды. Заң өзіне 16 бапты қамтиды. Олар «бейбітшіліктің, ұлттық бірліктің негізін қалаушы және Ұлт көшбасшысы» ұғымдарына, оның өкілеттігіне, қол сұғылмаушылық, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы тұлғаның әлеуметтік кепілдіктері, орден мен мемлекеттік сыйлықтарды тағайындауға қатысты баптар.

Дереккөз: ҚазТАГ

14 қаңтар 2016, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.