Алматы. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Түркиялық Диярбекир провинциясында бірнеше полиция учаскелеріне шабуыл жасалды, деп жазады Trend агенттігі Milliyet газетіне сілтемелеп.
Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуыл нәтижесінде 23 адам, оның ішінде үш бала бар, жараланды, полиция учаскелерінің ғимараттары елеулі зақымдалды. Бұрын 13 жараланған адам туралы хабарланған.
Провинцияда шабуыл жасағандарды ұстау бойынша арнайы операция басталды.
Хабарда айтылғандай, бір полиция учаскесінің маңында миналанған автомобиль жарылды, кейін беймәлім адамдар ғимаратты граната атқышпен атқылаған.
Бұрын хабарланғандай, 12 қаңтарда Стамбул орталығында Сұлтанахмет алаңының маңында жарылыс орын алды. Онда Германиядан келген 10 турист қаза болып, 15 адам жараланды. Жарылғыш қондырғыны жанкешті-терроршы іске қосқан.
Дереккөз: ҚазТАГ