Атырау, 22 желтоқсан 10:50
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бақытжан Байтөреев: «Ұжымдық пен тәртіпке сүйенемін»

3 983 просмотра

2015 жылдың желтоқсанында облыстық «Атырау» волейбол командасының бас бапкері Сергей ГРИБОВ отставкаға кетті. Волейбол клубы ресейлік маманның денсаулығына байланысты жұмыстан шыққандығын хабарлады. Команда тізгінін ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытжан БАЙТӨРЕЕВ (суретте) қолға алды. Ол біздің сұрақтары-мызға жауап берді.

«МЕНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫМ ҰЛЫ АДАМДАР БОЛДЫ»

- Спорттық мансабыңыздың қалай басталғанын айтыңызшы.

- Менің жаттықтырушыларым ұлы адамдар болды. Алғашқы бапкерім – Ербол Ғазизұлы Молдажанов. Кейін Қазақ ССР жасөспірімдер құрамасына қосылғанда атышулы алматылық «Буревестниктің» ойыншысы, КСРО чемпионы және Еуропа чемпиондары кубогының иегері Амангелді Қылышбайұлы Сұлтановтың басшылығымен жаттығу жасадым. Содан кейін КСРО Жоғары лигасында өнер көрсететін «Дорожник» (Алматы) шеберлер командасының қосалқы құрамында ойнап, Николай Михайлович Рагозиннен тәлім алдым. Сонымен қатар Қазақ ССР жастар құрамасында тәжірибелі бапкерлер Юрий Рафаэлович Гуревич пен Сергей Семенович Сенченконың басшылығымен жаттығу жасадым.

Содан кейін «Дорожник» шеберлер командасында Валерий Иванович Кравченко мен Заңғар Асанханұлы Жаркешевтің қол астында ойнадым. 1991-1993 жылдары Алматының «Азамат» командасында және ҚР ұлттық құрамасында ойнап, Евгений Витальевич Сивковтың басшылығымен жаттығу жасадым. 1993 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен клубтық Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алып, турнирдің MVP (ең пайдалы ойыншы) атағыне ие болдым.

«ЖС» анықтамасы:
Бақытжан Селмақұлы Байтөреев
, 48 жаста, Қазақ ССР құрамасының капитаны, КСРО спорт шебері, «Дорожник» (Алматы) командасы құрамында 1991 жылғы Кеңес Одағы Кубогының иегері, «Азамат» (Алматы) командасы құрамында 1993 жылғы клубтық Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР құрамасы қатарында 1993 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері. Б. Байтөреев басқарған ҚР әйелдер құрамасы ел тарихында алғаш рет 2010 жылы Азия Ойындарының қола медалін жеңіп алды. Осы жетістігі үшін бапкерге ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы берілді.

- ҚР Кубогы – қызықты турнир, алайда... Барлық командалар бірдей оған үлкен мән бермейді, көпшілігі ҚР чемпионатына күштерін сақтайды.- Тұрақты чемпионаттың ортасында команданы басқаруға шешім қабылдау оңай болмаған шығар?

- Бұл - үлкен жауапкершілік. Қиындықтар болды, алайда біз ұжымымызбен оны жеңе білдік деп ойлаймын. 2015 жылдың желтоқсанында біз Павлодарда ҚР чемпионатының кезекті турына қатыстық. Екі ойында ұтып, екі ойында жеңілдік. «Таразды» ұтып, ҚР Суперкубогында жеңілісіміздің қарымтасын қайтардық, «Алматыны» жеңдік, айтпақшы, бұл оңтүстік астаналық клубтың биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісі.

- Командада не өзгерді?

- Мен команда құрамына аздап өзгерту енгіздім. Негізгі команда мен фармкоманда ойыншыларын ауыстырдым. Айбол Өтегенов негізгі құрамға қосылды, қазір тағы бір үміткер – Парасат Шәріповты қарап жүрмін.

«ӨЗ КҮШІМІЗГЕ ҒАНА СЕНЕМІЗ»

- Командада қанша легионер ойнайды?

- Үшеу: Василий Носенко, Валерий Тодуа және бұрынғы бапкер Сергей Грибовтың ұлы - Андрей Грибов. Андрей чемпионаттың соңғы турына бізбен бірге барған жоқ. Менің пікірім – легионер жергілікті ойыншылардан екі есе шебер ойнауы керек. Грибов бұл талаптарға жауап бере алмады. Одан да өзіміздің жігіттер ойнасын! Бүгінде А. Грибовпен келісімшартты бұза алмаймыз, өйткені, бұзған жағдайда өтемақы төлеуіміз қажет. Оның орнына жақсы ойыншы алуға да мүмкіндігіміз жоқ, бұл да команда бюджетіне қосымша жүктеме.

- Дегенмен, Сергей Грибовтың тұсында команда жақсы ойнады ғой. ҚР Кубогын ұтып алды.

- Сіздің жаттықтырушылық тәжірибеңіз өте мол. Ел чемпионатының аяғында жасайтын жұмыстардың жоспарын құрып қойған боларсыз?

- «Атырау» командасында тәжірибелі ойыншылар көп. Оларға волейболды кері үйретудің қажеті жоқ. Мен команда психологиясына, ұжымдық, бірін-бірі сыйлау сезімдеріне және тәртіпке арқа сүйеймін. Биылғы маусымда жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын.

- Фармкомандада жақсы ойыншылар аз емес. 2014 жылы олар Жоғары лиганың «Б» тобы командалары арасында ҚР чемпионатын жеңіп алды. Парасат Шәріпов, Тұрар Садауов, Сабырбек Жетмеков, Нариман Әубәкіров, Ислам Жұмабеков, Петр Чурзин, Евгений Богдашкин, Үміт Нәбиев, Артем Даньшиндерді атауға болады. Жақын әзірде «Атырау» командасы легионерлер көмегінен толықтай бас тартуы мүмкін бе?

- Осыған келе жатырмыз. Біз «Атырау» волейбол клубының директоры Болат Қабдархиев екеуміз Атырауда Волейбол академиясын ашуды ойлап жүрміз, яғни, ҚР азаматтарынан ойыншы дайындау құрылымын жасағымыз келеді. Сондай-ақ, «Атырау» әйелдер командасын құру туралы мәселе қаралып жатыр.

Академияның жұмысы балаларды волейбол ойнауға көбірек тартып, осы ойынның техникасын дұрыс үйретуге бағытталады. Біз КСРО кезінде жұмыс жасаған «бұқаралықтан шеберлікке» ұстанымымен жұмыс жасайтын жүйені кері қалпына келтіруге тырысамыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

14 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.